09.08.2022
109
Сайран күндер бере ме енді ту бетін?..
Сайран күндер бере ме енді ту бетін?..
Сағыныштың тамшылары, жу бетім.
Сырқат жамап қала бердім кезекті,
Сенен қалмай еріп кетті суретім.
Деген едің: «Қуандым да өкіндім»,
Көкіректі жыртып кетті көкіл мұң.
Күрсініп ең – желпіген боп,
Безеріп,
Қылшығы да қисаймады кекілдің.
Жымың-жымың жыпырлаған тек түнде,
Жұлдыздан да сұрағымыз көп мүлде.
Жамалыңды ұшырып қоя бердім,
Саусағыңнан ақырындап өптім де...
Қолқа тесіп мазасыз ой-демікпем,
Сені күттім сол балконға келіп мен.
Мөлдірейді жәудіріңдей көк аспан,
Қарлығаштар төмен ұшты...неліктен?..