09.08.2022
101
Аман ба, арзу-ғашық ділгарым-ай...
Аман ба, арзу-ғашық ділгарым-ай,
Екеуміз дін ашпаспыз жылда бұлай.
Зулауын-ай Көкмойнақ-уақыттың,
Дегеніңді орындап тұр ма Құдай!?.
Не айтам, не айта алам әлпайымда,
Көңілдің «Ақжармасын» тартайын ба?
«Кісен ашқан» – күндерім күлдір-күлдір?..
«Терісқақпай» – жылдармен қартаюда.
Орыным сайламадым дәргейіңнен,
Соны айтып өлең жаздым сәл кейіннен...
Сарғайған сағыныштан бұл күйімді:
«Әншісі табылмаған ән»,- дейін мен.
Аман ба, арзу-ышық ділгарым-ай,
Состиып, аузыңды ашып тұрма бұлай...
Жоғалған он жетіге ен ізім-қайым,
Жырлайын сонау алыс жылдағыдай...