09.08.2022
  97


Автор: Сұлтанбек ҚҰДАЙБЕРГЕН

Көк жүзінде тізіліп, қалықтаған

Көк жүзінде тізіліп, қалықтаған
Құстар ұшты Арқадан алып хабар.
Қарашаңдақ, Құлзым-көз, майлы қиян,
Саған да бір хабарым барып қалар...
Құстар ұшты, көгала – темір қанат,
Темір қанат құс ұшты көгімде абат.
Жүрегіміз бұлқынып тұрдық біздер,
Омыраудың ілгегін жеңіл қадап.
Күнекейге Күн батыр асыққан-ды,
Сарыарқаны қара түн басып қалды.
Шығарып сап тұрдық біз ғашықтарды,
Күтіп алып тұрдық біз ғашықтарды...
Уақыт деген жеткізбей жорға бізге,
Тағдыр атты тірелдік сордағы ізге.
Ғашықтармен бір соғып жүрегіміз,
Ғашық болып қалып ек сонда біз де...





Пікір жазу