09.08.2022
136
ДҮРДАРАЗ
Шыр еткен іңкәрлік санамда
Жетімдік тартқанда ғаламда –
Ауылыңа жүз бұрдым Амалда,
Жүзіңді көруге амал да...
Қарсы алды бусанған От-бабам,
Жел де мәз, ашушаң құм да мәз.
Абыл мен Қабыл ма таптаған?..
Тек, жолдар әлі күн дүрдараз.
Байқа, жел, гүлімді ұшырдың,
Гүл мен қыз тағдырлас, білемін.
Тарамыс қолымды ұсындым,
Қолымда – мазұлым жүрегім.
Көңілдің күнесті сәті-тін.
Есейіп қалған ол кез гүл де.
Қол бермей жөнелдің,
Бақытым
Қолыңда екенін сездің де!...