09.08.2022
118
КЕПТЕРЛЕР, АЛЫС КЕТПЕҢДЕР!..
Кеткен бе бұлтқа – жыраққа сіңіп,
Көрмедім кептер, балапанын да.
Мәз-мейрам шиқыл құлақта сынып,
Мамығы қалды алақанымда.
Баспамен өрлеп, шатырды көрдім,
Аралап көне шаңырақтарды.
Келеңсіз көрініс шақырды көлгір,
Жаналғыш мысық аңырап қалды.
Туған жер мәнін ұғып өлген бе,
Сүйектер толы жай тауып қалған.
Сары уыз-көңіл мұны көргенде,
Мұны көргенде – шайқалып қалған!..
Көгала кептер тобын бастады,
Соқпасын өмір үскіріктері.
Көгершін тектес ауылдастарды
Шақырдым түгел ысқырып кері!..