09.08.2022
143
ӨНЕР ЖОЛЫ
Бұл сөзді талай айттым насихаттап,
Көңілге әр жағдайды алып жаттап.
Айтамын өлеңімді халық үшін,
Біреудің нағыламын өзін мақтап.
Салдыры көңіл күйін, пікір шіркін,
Адамды тұрғызбайды сырғанақтап.
Өнерді халық алдында аямастан,
Дәуірді дәріптерміз жолын ақтап.
Сөйлеткен домбыраны екі шегі,
Перненің неше түрлі күйін таппақ.
Күмбірлеп домбыраға үн беретін,
Салынған қарағайдан тегіс қақпақ.
Халықтың көз алдында әсер берер,
Қаққанда әр буыннан шалып аттап,
Жұрт үшін өнерлінің міндеті бар,
Кете алса арт жағына үлгі тастап,
Келгенде жас ұлғайып ой толқиды,
Бітер деп келешекте алған мақсат,
Жасымда жаңалықты оқи алмай,
Бүгінде қалып жүрмін аздап ақсап.