09.08.2022
  183


Автор: Сүгір жырау Бегендікұлы

ШЕЖІРЕ ЖЫР

Әуелі Алла жараттың,
Аспан мен жерді пәм етіп.
Алты мыңдай нәубет,
Көк миуалы көгерттің.
Жер жүзіне сән етіп,
Жебірейлі періште,
Жетпіс жыл билеп адамды,
Бізге құран ал деген.
Әзірет Нұхынның уақытында су тасып,
Мұсылманның баласы,
Кемеге салып ал деген,
Әузі деген кәпірге
Кемеге мінбе қал деген.
Періштелерге бұйырған
Әузінің терісін ал деген.
Асық жілігін дарияның бетіне,
Көпір қылып сал деген.
Терісінде сол күнде
Төрт үлкен дария бар деген.
Дарияның атын айтайын,
Жайхын-Шайхұн мін парап,
Нұхыға түгел ал деген,
Ай менен күнді жараттың
Реушен жарық шамменен
Ыбырайым, Кенған екі ауыл,
Алжасып дінге таласқан.
Кенғанның бір әулеті,
Іше берген арақ-шараптан.
Ыбырайымның әулеті,
Келемесін қайырып,
Ақап таудың етегі,
Арапа бізге болсын деп
Алты тақты Араптан
Әжі барып дәм татты.
Әжі білікті бұлақтан,
Он сегіз мың ғаламды,
Сонда Сүлейменге сұратқан.
Мұсылман, кәпір бірігіп,
Араласып жүргенде,
Құлшылық үшін құдайға.
Мұхамбетке үмбет болғанда,
Бір дін құрсаулық қорықпыз.
Атамыз Әнес Сахаба
Мұсылманның баласы,
Бір жүз жиырма бес таңбалы,
Осы отырған көпшілік
Сол Әнестің аймағы.
Мекке-Мәдине болады деп,
Араптар асып кетіпті.
Асанқайғы Қазтуған,
Алты жұрт кеткен бұл жерден,
Әнестен туған Жабал-ды.
Түбі атамыз Майқы би,
Жайлыхан мен Сейілхан
Сейілханның баласы болғанда,
Сегіз арыс бұл түркмен,
Ақалтеке, Ерсары,
Әйләдір, Жәуміт дегізген.
Әуелі туып егіздер,
Кіндік Ата дегізген.
Түмен деген кісіні сонда,
Ат мініп барып сиынған,
Айләдір деген батырға,
Шәудір деген бір ауыл,
Қазақ-қалпақ туыс секілді,
Жақын екен арасы.
Қазақ-қалпақ екі ауыл.
Әләу батырдың баласы,
Қалпақ екен ағасы,
Қалпақтың келіп алған жер,
Әму-Дарияның сағасы.
Төменгі жер ер Сұлтан,
Мұның келіп қалған жері,
Әр шахардың қаласы.
Қоңырат, Шымбай – екі шал
Бұл қалпақтың салған қаласы.
Ағарыс пен Жанарыс,
Кішісі атам Бекарыс
Үш ананың баласы,
Қарабайырлы менен Ғания
Сауран, Сырменен,
Көшпелі болып Сахара.
Қырға шығып кетіпті,
Кіші жүздің баласы
Жалайыр мен Дулат,
Ұлы жүздің баласы,
Арғын менен Қыпшақ,
Қоңырат, Найман төрт ауыл,
Ортаны мекен етіпті.
Қатықсыз қалған қалмақ дерінен,
Білімді би төремен,
Тап сол жерден айырылып
Адай, Әлім байұлы
Тама-Табын жеті ру,
Төмен қарай бұрылып,
Тарғабайдың тауынан,
Қатықсыз қалмақ жауынан,
Бері шығып кетіпті.
Саураннан келген ел екен,
Мекен еткен жер екен,
Сонда екі арасын бітірген,
Хайбазы деген хан екен.
Кіші жүздің ішінде,
Мейізді шалдар да бар екен.
Ең кейіні – бергі Алшыннан,
Нәдір Қожадан туған жеті ауыл.
Тама-Табын, Кердері.
Рамазан, Тілеулі, Жағалбайлы,
Міне осымен аршылған.
Тастамай айтсам артынан.
Құлақтан үні сарқылған,
Шыға аламын ба бүгін шаршыңнан.
Қара Кесек, Әлім, Шөмекей
Майлыбай Әлім ағасы-ай,
Алты аталы Әлімнің
Би Шолпан дейді Анасы-ай
Жоғарыдан келген,
Жосаба менен Қосаба.
Әлім менен Шөмекей алады,
Арғын-Самал екі су
Тама-Табын алады.
Жағалбайлы Кердері,
Жайыққа таман барады,
Қарақу мен Қаракөл
Есентемір, ел Беріш
Ысық, Шеркеш Байұлы
Кең қонысты жарады.
Ұраны Бақай қара таз,
Жастабан, шарға, Келдібай,
Бұның қоныс еткен жер
Атыраудың сағасы.
Жәнібек хан салған екен қаласын.
Кіші жүздің баласы,
Мекенсіз болып пырағы
Сонда Адайдың баласы,
Жетпіс үй екен шамасы.
Қонысына өкпелеп,
Қырға қарай салады.
Егізім Адай көшпе деп.
Ала сақал Алаша,
Байұлының баласы
Сонда артынан қуып барады.
Тыңдамады айтқанды.
Оқ дәрісін текшелеп,
Бір шығамын шетінен деп.
Есболай, Шотан, Ер Есек
Қырға қарай салады.
Маңғыстауда үш түбек,
Бұл Ноғайлардың жері екен.
Қонып алып Адайлар,
Құдықтың көзін ашады.
Манағы келген жетпіс үй,
Төрт мың үй болып жасады.
Төрт-Төрткілдің басында.
Мекен етіп Ел болып,
Алпыс жыл қадам басады.





Пікір жазу