09.08.2022
  127


Автор: Сүгір жырау Бегендікұлы

Қырықмылтық Үбіғали менің атым...

Қырықмылтық Үбіғали менің атым,
Аллаға мың шүкірлік мінәжатым,
Еліміз егеменді ел болған соң,
Бұрынғы өтіп кеткен жақсылардың,
Мінеки келді кезі айтылатын.
Отыз жыл естелік сөз есте сақтап,
Жібердім «Жаңаөзен» алқасына,
Еңбегін Сүгір аға, аманатын,
Жүз жылдық мерейтойың құгты болсын,
Халқымның бұл мейрамы шаттанатын.
Басқарған мерей тойды азаматтар,
Елімнің сіздер көркі мақтанатын.
Сүгірдің талай сөзін жіберемін,
Елім сүйіп, ескеріп еске алатын.
Сүкеңмен отыз жылдай қоныстаспын,
Жайым жоқ, жалған сөйлеп бос калатын.
Жастарым үйреніп ал осы сөзді,
Айтатын домбырамен кезі келді,
Қолдасын Бекет Ата, Қосай баба,
Маңғыстау бар байлықтың болсын көзі,
«Нұр жауар талаптыға», ұмтылыңдар.
Бұрынғы айтып кеткен, қарттар сөзі.





Пікір жазу