09.08.2022
  196


Автор: Сүгір жырау Бегендікұлы

Жаралыс тарихтан айтқан сөзім....

Жаралыс тарихтан айтқан сөзім,
Тілімнен шығар екен қандай білім,
Білім мен терең екен оқу, ғылым,
Айтсам да таусылмайды, сөздің көбін
Айырған Араб-Түркі сөздің мінін.
Баласы үшеу екен кіші жүздің,
Сабырлық, құлақ түріп тыңдаңыздар,
Теп-тегіс, тамашалап, ашпай жігін.
Төрт бала туған екен Худуардан,
Болғанда Алшын-Көншін бірге түбің.
Қазақтан өтіп кетті не жақсылар
Әулие кереметті ер мен пірің.
Асқан соң елу жастан бола бермес,
Сөйлеуге бұрынғыдай қызыл тілім.
«Ер жасы елу-алпыс», - деген сөз бар,
Тарталық аталықтан сөздің жөнін.
Алты әлім ағасы екен кіші жүздің,
Қатесі болса кешір осы сөздің.
Баласы әлім аға кімдер десек,
Үлкені Қарасақал, Қаракесек.
Төртқара, Шөмекеймен есептесек.
Шекті бар, Көтібардай батыр шыққан,
Кете бар, Шернияздай ақын шыққан,
Жоғарғы Тілеу-Қабақ, алты шекті,
Шөмекей, Қарасақал аспан-бозғыл,
Елібай, Кете, Ожырай құрал еді,
Майлыбай сасқан жерде ұраны еді,
Кешегі жер планы бөлінгенде,
Алты Әлім арқа жақты сұрап еді,
Жанқасқа Жағал батыр бұ да өтті,
Ерлердің оқ өтпейтін шырақ еді.
Тепсеңге сегіз қанат үйін тігіп,
Салтанат талайларға қоштап өтті,
Базарлап Қара-Қамыс Орынборды.
Әлібек, Дауылтай мен Достан өтті:
Әулие, кереметі талай кетті,
Кетеден Көздібай мен Бижан өтті;
Әлімде не жақсылар толып жатыр,
Қоныстан аулақ жатқан себебінен,
Айтылмай талай жақсы қалып жатыр:
Жастық пен араламай елдің ішін
Кешірім сұрап отыр жыршы-батыр.





Пікір жазу