09.08.2022
  75


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

НАУРЫЗ ЖЫРЫ

Заманалар сырласы
Ғасырлардың құрдасы
Жыл құсындай оралып
Наурыз келді - Жыл басы!
Той тойлаған ағайын
Құтты болсын мерекең.
Шаңырағың берік боп
Жайылсын кеңге керегең.
Бейнетпен ғана берек етабар ел едің
Еңбекпен ғана бақытын іздер өмірден -
Пәке көңілің шат-думанға бөленген
Шаңырағың несібеге кенелген
Наурызбен келсін берекең!
Құрсанған қар, көк аяз,
Ала боран ығыстың.
Қыс-қаһарман амалсыз
Тартты енді қылышын.
Мұз-тұсауын лақтырып
Жер аяғы босанып
Кеңейген сәті тыныстың.
Қар астында тұншыққан
Көктер басар қыр үстін.
Шаруа баққан біздерге
Бастамасы болар ұлы істің -
Деп бұрынғылар Наурызды
Ақ ниетпен атаған
Ұлы күні деп Ұлыстың!
Қыс тоқтатып қылығын,
Жер сыпырып тұлыбын
Құлдары тастап құрығын
Күңдері тастап сабасын
Татып қапты олар да
Бұл өмірдің қызығын.
Жақсылықтың дәмі деп
Мерекенің сәні деп
Наурыз көже пісіріп
Дәм татқызған жарлыға
Бай-бағлан кішіріп.
Көрінгенмен көрісіп
Төстерімен түйісіп
Құшақтасып сүйісіп
Ұлықтар да ұстаныпты кісілік.
Салтыңнан, халқым, айналдым
Далаңдай жатқан көсіліп.
О, Наурыз!
Даламды сілкіп тулақтай,
Шаңдатып көксіз қуратпай,
Күн көзіне төсін тосқан қақталып
Қара жерді қақ айырып құрғатпай –
Байтақ жатқан керіле
Құлпырған өң бер жеріме!
Егемендік алған елімнің
Бақыты бастан таймасын,
Қазаны тойға қайнасын!
Берекелі болып тұрмысы
Қазағым күліп жайнасын –
Нұрлы күн болып көгіне
Берекелі боп кел еліме!





Пікір жазу