09.08.2022
  177


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

КҮЗ-КӨҢІЛ

Күз ғой бұл – аужайы әрқилы,
Талтүсте шуақ боп шарпиды.
Түсқайта түйілген бұлт-жұдырық
Кіжіне көк жүзін тарпиды.
Сонан соң төгіліп тамшылар,
Маңайың жақұтқа малшынар.
Малмандай су болу ұнайды
Мен деген күз-мінез жан шығар.
Ұнатам жаңбырды, нөсерді,
Су кешіп кезсем бе көшеңді?!
...Қол бұлғап балалық қалды артта
Еркелік, қал сенде, хош енді!
Күз ғой бұл! Мінезі алуан,
Жомарт қол берер бал бағынан.
Құбылған күндей боп кейде мен
Елеңдеп өткенді сағынам!





Пікір жазу