09.08.2022
  80


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

КҮН МЕН ТҮН

Жұлдыз жымындайды
Самал сыбырлайды.
Ай болса кірпік қақпай
Түннен сыр ұрлайды.
Болсада тілегені
Түн суық түнереді.
Жерді алып құшағына
Мүлгиді, тербеледі.
Жер болып ғашық жары
Түн шіркін асықпады
Бүркенген шымылдықты
Күн келіп ашып қалды.
Өзінен кетіп ерік
Түн кетті дүлейленіп.
Ақ жүзді Жер сұлуды
Күн қалды иемденіп.





Пікір жазу