ОТПАНДА
Ақ арман болған
Бақ Ордам болған Отпаным!
Қасына келдім көңілді кеулеп сезім нұр,
Талайдан бергі шаттанған шуақ кезім бұл
Қапастан терең қарманып шығып тарқатты
Тұншыққан бұла шерін Жыр.
Жұбаныш болған,
Қуаныш қонған Отпаным!
Түңіліп түндер, теңселтіп еді тозып күн,
Пүшайман болғам тірліктен мынау безіп мың.
Өзіңе келіп оянғандай ақ ұйқыдан
Ғажайып сәтке кезіктім.
Еңсесі ерен, есіл тау өзің, Отпаным!
Сезіндім сенде ерекше леп, от барын.
Санамда сеңі сөгіліп жатты сетінеп
Арбаған мені әлсіздік атты боқ таным.
Заңғар боп мәңгі шіреніп тұрған тұлғаңды-ай,
Мәртік ке сенде, пәктік те сенде тұрғандай.
Аялдай бердім, қаралай бердім телміріп
Рухты кәусар сіміре бердім бір қанбай.
Қанымда тулап атойын салып арда күш
Серпілді кейін пенделік пиғыл, жанбағыс.
Бабамнан қалған тектілік дәні бұр жарып
Тұла бойымда тіріліп жатты Ар, Намыс.
Пақырлық ойды пәршалап отап тәрк еттім,
Сына қоймаспын тезіне енді тәлкектің.
Қиындық көрсем қайыса бермей тір тұрып
Жасын жігермен жалын атуға ант еттім!
Шырайым солып тонатып мұңға барымды,
Жақсам деп саған келген ем қайта бағымды.
Ұран От маған тастады ау деймін бір ұшқын
Адай қыз болып аттанып барам кәдімгі!