09.08.2022
  260


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

ЖАСТЫҚ ШАҚТЫ ІЗДЕУ

Жігерлі жалын атқан, тас тұғырлы,
Қалдырдым қай жерге мен жастығымды.
Қолына қоңыр күздің ұсыныппын
Жарқын күн жадыраған, жаз гүлімді.
Бал дәурен қайда екен бұла күнім,
Аңсадым сыңғырлаған бұлақ үнін.
Көлбеңдеп көз алдымда кәусар күндер
Қия алмай қолын бұлғап тұрады мың.
Жастықтың жарып өтіп от қамалын,
Артыма қимастықпен көп қарадым.
Кеудемнен сағынышым ән боп ұшты
Орнында, сезінемін шоқ қаларын.





Пікір жазу