09.08.2022
  226


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

МОЛА ЖАЙЛЫ ТОЛҒАНЫС

«Адам басы добы, -деген – Алланың»
Шат өмірің бір-ақ күнде жоғалар.
Дүниенің білдіргендей жалғанын
Ауыл маңында мүлгіп тұрған молалар.
Құмарлықпен көрсем деген танысып,
Мола жаққа бармақ болдым қыдырып.
Шым-шытырық екі сезім алысып
Үрейменен қала бердім кідіріп.
«Жоқ!
Олар сенен кемдігінен өлді ме,
Адамдық па бейіттен сескенгенің
Ойладың ба тіршілікте қаламын деп мәңгіге ,
Мүмкін әлде, келеді ажалға да еркелегің?»
Жігеріме бағындырып бойымды,
Дәл молаға тақай бердім жолымды.
Бір шетінен кіріп алып асықпай
Араладым қорымды...
Күмбезді боп, кереге боп тұр тамы,
Күзетшідей құлпытастар тұр тағы.
Жазуына үңілемін жақындап
Әр атаның жатыр мұнда ұрпағы.
Биік күмбез...
Көкке қарай мойын созған тік өрлеп.
«Ағузы биллаһи
Минашшайтони ражим
Биссимлла-р-рахмани-р-рахим»
Өліге аят-сауап болар деп күбірлеп,
Отыра бердім жанына келіп тізерлеп...
О,Жарықтық!
Кеше жүрген жан еді,
Жатқан жерің байлы болсын,топырағың торқалы.
Қу тағдырдың таусылар ма азабы


Қарсы алдымда сұлап жатыр жоталы.
Аяулы достың ағасы еді бұл жатқан,
Құрбымды менің қайғысымен талай жылатқан.
Ол да мені досым бар дейді ғой сеніммен
Достығым қайсы, ағасына кетсем соқпастан.
Достығым қайсы «тие берсінді» тіріден күткен ағаға
Қарындасының орнын жоқтатсам.
Шыдамай мынау қытымыр тірліктің нарқына,
Иесіз жұрттай басқын халықтың қаңырап қалған артында.
Өлі шаһардан іздегендей тірі бір белгі
Жолымды бұрдым келесі жатқан марқұмға.
Бейтаныс жандар...ашылмай жатқан жұмбақтай,
Қара тас болып сазарып қалған үн қатпай.
Бейтаныстарға сеніңкіремей сезінті болған көңілге
Өлінің жайын айғақтай
Мойындатуға молалар тұр ғой міз бақпай.
Аласапыран тірліктен бөліп, алшақтап,
Қара жер жатыр қилы тағдырды бауырына алып,құндақтап.
Мола –баспана көр –бесігіндегі сәбиін
Қарлы дауыл мен нөсер жаңбырдан тұр сақтап.
Әруақтарым!
Басыңа келген мынау пенденің сырын ұқ,
Кешірім етсен, артықтау кетсем әруақтарыңа ұрынып.
Қоштасып тұрып, шапағат тілеп, сиынып
Ауылға қайттым бұрылып.
Құбылған қырық, шырғалаңы көп астарлы,
Күн шуағына көмкерілген нұрлы, асқарлы.
Менің мынау қымбат деп жүрген тірлігім
Солардан қалған тастанды...
Ей, адамдар, дүние кімнің жолдасы,
Бес күн тірлікте адалдық жолдан таймашы.
Ажал атты қандықол арсыз аңшының
Болармыз бізде олжасы!





Пікір жазу