09.08.2022
  100


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

Арман

Таппадым сол сәт қарманар жерді,
Сиқырлы сезім арбаған еді.
Сезімнің құлы емеспін енді
Арғымақ –арман, алдама мені.
Алдама мені, ақ қыран арман,
Арайлы нұрын шашты таң алдан.
Аунатып кетпе тағы бір өртке
Жемтігі етер аш мына жалған!





Пікір жазу