09.08.2022
127
Құрбыларым – ай,
Құрбыларым – ай,
Шошыттыңдар ғой!
Неліктен керек пасықтық даңғой .
Сіздерге деген сұлу сезімді
Маңдайдан ұрып жасыттыңдар ғой.
Тұнық сезімнің ластанғанына
Жанардан ащы жас тамбады ма?!
Мансаптың аттап баспалдағына
Мерейің, айтшы, аспандады ма?
Тәттіге бір сәт таласқансыңдар,
Күштінің қолын жаласқансыңдар.
Ғайбат сөз айтып, күншілдік баурап
Ақ жолдан сөйтіп адасқансыңдар.
Құрбыларым-ай,
Шошыттыңдар ғой!
Сенделтіп ойды жосылттыңдар ғой.
Адамдық жолды қарманып барып
Бұған да шүкір, кеш ұқтыңдар ғой!