09.08.2022
112
ЖЫР-ДӘРУ
Жүрегім – жүрегім жыр толы
Жан сарайыма жасырдым.
Тірліктің басса кір-қоңы
Бір ұрттам жырмен қашырдым.
Бар сиқыр менде ғаламат,
Дертіңді жазбай танығыш.
Сезімді шаңнан тазалап
Жыр-сусын көрсең қанып іш!
Жарқ етіп көңіл жасындай
Көкжиек кеңіп қалды ма –
Ақынның сырын жасырмай
Ақтарып салдым алдыңа.
Жеткіздім жұртқа жаңа сыр,
Табар деп мұңның бір емін.
Жабыққан жанға жанашыр
Жыр-дәру екен білемін.