09.08.2022
  94


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

ҚЫЗҒАНЫШ

Жел ысқырып еппенен
Жерді жұмсақ сипады .
Бұта риза кейіппен
Басын иді ұйпалы.
Бұлтқа кірді күн жылжып
Қызғанған-ау шамасы.
Бұлт күрсінді қынжылып
Таусылғандай шарасы.
Жел сыбырлап жүгіріп
Өңмеңдейді жабысып.
Бұта қалған бүгіліп
Еркеліктен майысып.
Жерге күнді ынтық қып
Асырды жел айласын.
Ашулы Күн быт-шып қып
Лақтырды айнасын...





Пікір жазу