09.08.2022
  128


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

Кешір мені...

Кешір мені,
Кешегі күндер үшін жалындаған,
Ертеңгі асу үшін алынбаған.
Керек-ау мәңгілікке мейірімің
Жаным, маған.
Кешір сен,
Шарпыған сезімімнің оттылығын,
Қыздырған жүрегімнің шоқ-қылығын.
Лайсаң ғып кеттім бе көңіліңнің
Көк тұнығын.
Кешір мені,
Бір кезгі қаталдық пен күлкім үшін,
Ірке алмаған сезімнің бұлқынысын.
Кеудеңді қарс айырып отырмысың
Күрсінісің.
Мен сені сағынамын, сен де мені,
Тағдырдың тәтті бақты бермегені.
Жұтамын жырдың өксіп қайырмасын
Не деген мұңның дәмі кермек еді!





Пікір жазу