09.08.2022
  140


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

ҚЫЗ ДЕГЕНІҢ ӨМІР СӘНІ ҚҰЛПЫРҒАН

«Қыз деген - гүл,
Таптап өту түк емес»-
Депті біреу жабайылау күлімдеп.
Жанға батып мынау арсыз келемеж
Қорықты ма, қорланды ма жүрек тұрды дірілдеп.
Дұрыс айтасың, қыз деген-гүл,
Ал гүл деген-
жиынтықтығы нәзіктіктің, пәктіктің,
Адалдықтың, ақтықтың,
Оны таптау ерлік емес,
Неге, жігіт, аптықтың?
Сенше ерлік әсемдікті былғанышпен өлшеу ме?
Топас сезім, қапас көңіл,
Бұл шынында
Барып тұрған азғындығың көркеуде.
Бақыт дегенГүл шырынға
Озбырлық көп төнбеуде!
Ал қыз деген –тіршіліктің бір тіні,
Содан үйрен нәзіктікті,мейірімді күлкіні.
Қыз деген ол-өмір сәні құлпырған,
Яғни,адамдардың гүл түрі.
Әлсіздерді жеңе алар-ау кім-кімде,
Тап сол үшін төсті соғу-пақырлық.
Зұлымдықтан қорғай алсаң пәктікті,
Осы,міне, батырлық!
Гүлді таптау оңай дейсің,солай ма,
Есірленіп ессіз кетпе,алайда.
Қызыл гүлде қара тікен секілді,
Қыздардыңда көз жасы бар,абайла!
Осылайша тынды жыр...
Бірақ, менің айтатыным-нәзіктікке,пәктікке,
Құдайда болсаң,құлдық ұр.
Өйткені,ол-ұлылықтың ұлысы,
Қызғалдақ дәурен қыз-ғұмыр!





Пікір жазу