09.08.2022
  122


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

Сағынған әнім...

Сағынған әнім,
арайлы таңым арманым,
Жанымда мәңгі
жан серігім боп қалмадың.
Сағынып сені,
тарылып демі тұншыққан
Періште жырды өзіңе ғана арнадым.
Қызығым менің,
қызығып едім сол күнге,
Арманым едің,
қалмадың менің еркімде.
Ұнаттым сені,
жұбатшы менің жанымды
Жасымды сүртіп, жадырау деген мүмкін бе?
Туылдым не үшін,
суындым кешір, жалғаннан,
Қарманып көрдім,
алданып келдім арманнан.
Жабығып жүрмін,
сағынып жүрмін мен сені
Күтпеймін бірақ, күтпеймін бақыт таңдардан.
Жыр жаздым тағы,
Іңкәрмін-дағы тірі үміт,
Өкінтіп жалған,
Тұрғандай бар маң үгіліп.
Төлеген-Жібек,
Қайып пен Бөбек... өтті ғой
Махаббаттағы болайын соңғы мұңылық!





Пікір жазу