09.08.2022
122
САҒЫНЫШ САЗЫ
Жаз көңіл қайда құлпырған жасыл шалғынды,
Адасып қалдым, арқалап қалдым бар мұңды.
Сұп-сұр қаланың сұқтана қарап сұрқына
Егіліп тұрып еске алдым туған аулымды.
Бұтасы қорыр қамалын сары шағылдың,
Құм басқан дала - өзіңе ғана табындым.
Ата-ана, бауыр – аңсадым, бәрін аңсадым,
Қыр перзентімін, қырдағы тірлік...сағындым.
Шыжыған жазың қуырып жерді құрғатсын,
Ұйтқыған желің құшақтай қысып тіл қатсын.
Қысыңда тоңып, солуға күзде мен дайын
Көктемде қайта түлетер құтты құндақсың!