09.08.2022
  131


Автор: Гүлнар НАУЫРША

Айналайын, туған жер...

Айналайын, туған жер,
Айдыныңдысағындым.
Айналасы көк құрақ,
Шалғыныңды сағындым.
Сыңғырлаған қыз-желең,
Ойыныңды сағындым.
Бақ-бақ өскен сарыала,
Қойыныңды сағындым.
ҚАРАҒАН сай ақ шаңдақ,
Жолдарыңды сағындым.
Ноғайтөбе, Көрікті,
Жалдарыңды сағындым.
Лақтырған ақсүйек,
Түндеріңді сағындым.
Алтыбақан тербелген,
Ай астында айқай-шу,
Келмеген жан кемде-кем,
Наз күлкіден байқайсың.
Мөлдір-мөлдір әуезді,
Әндер-әндер төгілген.
Айта берем сол кезді,
Кетпеген соң көңілден.





Пікір жазу