09.08.2022
  135


Автор: Гүлнар НАУЫРША

ГҮЛ ҰСЫНШЫ....

Гүл ұсыншы жанымды жадыратсын,
Өзгелерге құрбыңның қадірі артсын.
Гүл сыйланбай жүргелі көп болыпты,
Жүрегімді, жүзімді албыратсын.
Гүл ұсыншы қандай гүл бола берсін,
Сезімдерге самал-нұр ала келсін.
«Ескерткішке берді»,-деп еске алайын,
Хош иісі аңқып ол тұра берсін.
Гүлден артық сый бар ойланшы өзің,
Білсең егер осы сәт қимас кезім.
Гүлмен бірге шаттанып күлімдейін,
Жанымның жараларын бір емдейін.
Гүл сыйлашы қызыл, жасыл, сарысын,
Жан сыздатқан жүрек мұңнан арылсын.
Гүл-махаббат, гүл-сезімнің бүршігі,
Гүлмен бірге үміт оты жағылсын...





Пікір жазу