09.08.2022
  101


Автор: Гүлнар НАУЫРША

СЕЗІМ ДЕГЕН...

Сезім деген көл шығар,
Сағыныш ол мұң шығар.
Жанарымнан домалап,
Ағып барад тамшылар.
Қаталдығың тоң шығар,
Тарау-тарау жол шығар.
Өкпелеймін мен кімге,
Тағдырым ғой, ол-сынар.
Сезімдерім жаншылар,
Көз жасыма малшынар.
Дегеніне жетпеген,
Көңіл қалай тыншығар.
... Сүйген жүрек құлшынар,
Сүйген жүрек ол шыдар.
Кездесерміз маһшарда,
Сен-бәйтерек, мен-шынар





Пікір жазу