09.08.2022
  110


Автор: Гүлнар НАУЫРША

СҰЛУ ДҮНИЕ...

Сұлу дүние өзгерген,
Текетірес езбенен.
Жанымның бұлқыныстарын,
Жеткізе алмадым сөзбенен.
Өлеңге сосын еремін,
Өлеңмен ойды өремін.
Ойды түйер жан болса,
Алар деп одан керегін.
Қызыл тіл ол-безенген,
Найзадай боп кезенген.
Басады жатқан жыланды,
Кейбіреулер сезем мен.
Өлеңге түсер тілменен,
Кеңесейін кеңменен.
Керілдесіп оңам ба,
Туасы жаман керменен.
Сонда да сырттан нұқиды,
Кеудесін соғып қоқиды.
Күліп айтсаң көкиді,
Түйіп айтсаң кекиді
Санамен қашан тоқиды?!





Пікір жазу