09.08.2022
  104


Автор: Гүлнар НАУЫРША

МҰҚАҒАЛИҒА

Құдіретіңе табындым,
Келеді Сізге ағылғым.
Жырыңыз неткен ғажайып,
Шуағына малындым.
Жырдан тауып шипаны,
Шымырлатып құйқаны.
Жаздыңыз өлең күні-түн,
Қандырғанша аңқаны.
Сені де мұңдар мұқалтты,
Жүйкеңді жұлып жұқартты.
Далбаса өмір дағдарсам,
Жырыңнан жаным жай тапты.
Өзіңмен бірге бұрқандым,
Көңілсіз кейде бұл таңым.
Сырласымдай сол сәтте,
Жырыңмен сұлу бір қалдым.
Бір қалдым және өзіңмен,
Мұңайған нала кезіңмен.
Ағылды моншақ көзімнен,
Өлеңге және өзіңе,
Сағыныш сері сезімнен...





Пікір жазу