09.08.2022
  95


Автор: Гүлнар НАУЫРША

ӨМІР

Теңіздейін тулаған,
Қара базар шулаған.
Қолын созар пақырлар,
Көзінің жасы саулаған.
«Қайран жұртым», қарманған,
(Көкейінде талды арман).
Жақын келсе байғұсың,
Жартыкеш тұр шамданған.
Сөздеріңді елемей,
Керіледі төредей.
Құдайдан да қолы ұзын,
Жерге түспес немедей.
Жекебасын күйттеген,
Жебір көздер жек көрем.
Өз қазағың өзіңнен,
Шекірейіп шеттеген.
Елдің қамын ойлар ма,
Түйсік терең бойлар ма.
Өңменіңнен итерген,
Опа бар ма, ондайға.
Баса алмады ашуын,
Көрдім жігіт тасуын.
«Бара берем тағы да,
Мен емеспін, жасығың».
...Қоғам жігі білінді,
Санаң саққа жүгірді.
Жүйкеге жойқын түседі,
Көңілден қалай көшеді?!
Әлсізбенен әлдінің,
Егесі ұзақ деседі.
Сауға сұрап отырмын,
«Бір Алла бәрін шешеді»,
Жебірлерге а, құдай,
Жіберме!,-деп есені.





Пікір жазу