09.08.2022
  77


Автор: Гүлнар НАУЫРША

ҚАШАҒАН АТАҒА

«Қырықкезде» там байғазың берілді,
Жорға даусы дүбірлетті төріңді.
Көк аспанға ақ күмбезің өріліп,
Кең далада сұлу шаһар керілді.
Аруақтым айналайын атыңнан,
(Жақсыларым айтпай неге тартынған).
Кіналарын кеш те болса ұғынып,
Тойлағалы жатыр енді артыңнан.
Ағының тасты аударыпты кезінде,
Болмапты бір мін айтылған ақық сөзіңде.
Арын қорғап арлы менен жарлының,
Бай-манапты жөнге сапсың тезінде.
Найза сілтеп, қылыш сермеп арынмен,
Айтысыпсың талай жуан қарынмен.
Надандықтан алып шықтың ортаңды,
Орақ тілді уытты сөз-жырыңмен.
Сенің даусың жетті ата жаңғырып,
«Ей, ұрпағым, қалғыма!»,- деп алда үміт!».
Жаңа ендік қазақы шын келбетке,
Ада болып қалған жылдар мәңгүріт.
Келеді алда ұлы тойың кешен-ді,
Өз атыңмен атадық көп көшеңді.
Мерейтойда шаң қабады сәйгүлік,
Қолпаштаймыз ақпа-төкпе шешенді.
«Пілдің тірі бәсі мың ділдә, өлсе тері бәсі де»,
Өзіңе-өзің айтыпсың билік-нәсібе.
Ақиық жырдың адуынды жүйрік пырағы,
Сөздерің нақыл ұрпақ пен елдің есінде.





Пікір жазу