09.08.2022
  145


Автор: Гүлнар НАУЫРША

ТҮПҚАРАҒАН-ФОРТ ШЕВЧЕНКО-АҚКЕТІК

Түбектегі шаңырақ аңыз қала,
Тұрғандайсың сыр шертіп абыздана.
Құлағыма келеді ескі бір үн,
Ескі бір үн сарнаған қобыз ғана.
Сол қобызға теңейін Түпқараған,
Түбіріңе үңіліп көп қарағам.
Тұран дала оғыздар өлкесінде,
Бабалардың рухы тек тараған.
Сол рухтан тін тартқан байтағым-ау,
Есіміңді жыр қылып айтармын-ау.
Сені қорғап күрескен ерлерімнің,
Оралғаны шкір ғой, қайта мынау.
Форт Шевченко, Қарағантүп, тас қамал,
(Қуанғаннан жанарыңды жасқа мал).
Атауың көп әрбір кезде қойылған,
Сезіледі төбелерің сайыңнан.
Ежелгі атың Ақкетіктен басталған,
Ақкетік деп шырқалады асқақ ән.
Сыр тартамын сөйлеп кетер мекен деп,
Қатпар-қатпар тауларың мен тастардан.
Көне кетік, керуен жол көсілген,
Талай елдер, жұрттар өткен төсіңнен.
Қайып-Бөбек қосылмаған қос ғашық,
Ол да кетпес мына менің есімнен.
Дуал, қора...,көне қала...ғимарат,
«Сырын біл де, керегіңе тек жарат!»,
Деп тұрғандай сай-сала мен шатқалың,
Қойнаудағы құпиямды ақтарың....





Пікір жазу