09.08.2022
  221


Автор: Гүлнар НАУЫРША

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ!

Тәуелсіздік, туған жер егіз ұғым,
Егіз ұғым салмағын сезінемін.
Сан ғасыр ата-баба аңсап өткен,
Шертілер сыры терең шежіремнің.
Азаттықтың ақ таңын армандаған,
Не көрмеді қазағым, қайран бабам.
Ұлы дала-Тұранды сақтау үшін,
Жан бар ма екен, Алашта ойланбаған.
Сол ғарасат, зұлматтан аман қалып,
Намыс отын сөндірмей шоқтай жанып.
Еркіндікке ей, баба, жетті ұрпағың,
Арада ұзын сонар жылдар салып.
Ал бүгінде төрт құбылам теңелген,
Бақ-береке, шаттық нұрға кенелген.
Қазақ елі көп мемлекет ішінде,
Көк байрағы сонадайдан көрінген.
Егемендік, Бостандығым-тұғырым,
Өзіңменен биіктемін, ұлымын.
Тәуелсіздік- жалғыз кием, тәу етер,
Қасиеті- туған мына жерімнің!





Пікір жазу