09.08.2022
232
Адал едім, аппақ едім мен онда...
Адал едім, аппақ едім мен онда,
Іздеп барсам соның ізін табам ба?
Баяны жок, байламы жоқ заман –ай,
Айналдырдың бәрін аңыз аянға.
Аңтарылдым ақиқатты айта алмай,
Сансырадым сағынышты тауса алмай.
Енді, қайран бала арманның ұясы,
Құлашын кең жаза алмаған кемтардай.
Ауылым қайда? Осы мазалайды бір сұрақ,
Менің құсни көңілімді шымшылап.
Осы арадан басталмап ед, Құдай -ау
Сәруар сәуле, құс жолындай тылсым –ақ!
Періште еді, арбайтындай пері емес,
Жанарымда нажағайлы көп елес.
Айыл жимай ақталамыз,.. Ауылды
Шемен еткен сен де емес, мен емес!
Сонада кім?...