09.08.2022
95
Паңкөйлек
Топшысын сұңқар әннің сыпырамын,
Жібектей желбіре енді шытыра мұң.
Сен жаққа көзім талмай қарар едім,
Қайтейін өзге жұрттан қысыламын.
Самғаған сол ән менің жан іңкәрім,
Оралмас дәуреніңдей сағынтамын.
Жан іңкәрім сұңқар ән қанатында,
Көз жетпес көк сеңгірді табынтамын.
Дариға-ай Айнамкөздей ән бар ма екен,
Қос етек паңкөйлектей сән бар ма екен.
Өрбіген өр көңілдей қайран әуен
Ән Мұхит өтеуі боп қалған ба екен.
Талықсып пәк пейіліңді паналадым,
Мерейі мәңгі биік самала әнім .
Паңкөйлекті Айнамкөз қарасынан
Адасқан арманымды таба аламын.