09.08.2022
  125


Автор: Айнахан Есетова

Сағыз

Сағызым,менің Сағызым,
Саф алтын булы аңызым.
Саумал да самал жазығым.
Сағанда сейіс қалдырған –
Сәйгүлік байлар қазығын.
Сынбайтын сағым-парызым,
Сыралғым,өмір-қарызым.
Соқпағын сілтер қиялдың,
Сонар да сонар сағымның.
Сонау бір сәби кездегі,
Салаңда қалған бар ізім.
Сыр-сұхбат құрып сергіген,
Сом білек жігіт, сұлу қыз,
Сабаз да сырбаз өр кілең.
Саңлағы ем сол бір ауылдың,
Судан да тұнық мөлдір ем.
Сәулелі кезім сенде өткен,
Сәмбі тал мүсін бойжеткен.
Сегіз қыр ,семсер сырлы ұл.
Сара жолымды сәнді еткен.
Сәттілік пен тәттілік,
Сары уыз қаймақ таттырып.
Сезімтал тұла бойыма,
Сыйладың сымбат жақсылық.
Сары ала қолтық-қолатың,
Сахара дала, дара түн.
Сазынан сезім төгіліп,
Сағыныш қанат қағатын,
Сал-сері қайным болатын.
Сойына ел-жұрт сүйінген,
Сәукеле,бешпент киінген.
Сәлемін салып келіңдер,
Сызылып сәнмен иілген.
Сабадан шайқап сары қымыз,
Соғымға саяқ құлаған.
Сүріні сақтар салтымыз
Сүбелі қазы сыбағаң.
Сынаса ене, абысын,
Сұңғыла келін ұнаған.
Сыбаймен сыйластығым-ай,
«Сіз-біздер»-қимастығым-ай.
Сырла аяқ сыры кетсе де,
Сезіліп тұрар сының-ай.
Сестілеу Ерге серік боп,
Сырласып сыбыр көрген жер.
Сары шудалы інген ыңырсып,
Сауылдап сүті өнген жер.
Самиян сары далаға,
Сәріден түлік өрген жер.
Сарабдал салтқа бағынып,
Сырға мен шолпы тағынып,
Сырмақ пен қалы жайылып,
Сый қонақ күтіп сабылып,
Сауық пен сайран көрген жер...
Сібірлеп әр таң атқанда,
Самала шамдар сөнбеңдер!..





Пікір жазу