09.08.2022
  86


Автор: Айнахан Есетова

Бойтұмар

Қағанатым- қандас бауыр құрмалым,
Бозғалдақтай ұлдарым,
Қызғалдақтай қыздарым,
Мен бұлдасам-қазақылық қасиетімді бұлдадым.
Мен сыйласам- қазақылық салт дәбімді сыйладым,
Көсем тілім, шешен тілім өсиетіңді тыңдадым.
Тыңдай –тыңдай ерлік жырын шамырқандым, ширадым.
Жау жібермей арадан,
Толғап тартқан сұр жебесін қадаған.
Бек Арысым белгілі,
Ақ Арысым атақты,
Жан Арысым аламан,
Бір дүреген ақ дұғалы атадан!
Бірге туған құрсағы алтын анадан
Нұр түлеген қызыр кие батадан!
Озалдан да атам қазақ баласын
Бөрі тектес берен халық атаған.
Бірлік деген бал сарқытын бабамның.
Ұлым саған нәсіп етіп қоярмын,
Ар жолында адалдығын анамның,
Қызым саған бойтұмар ғып тағармын.
Тәңір бергей бейкұт дәурен заман күн.
Тәңір бергей Бейқұт дәурен заман күн!
Жебелі байрақ Көк Туым,
Ұлысым мен Ұраным!
Баба күлдік Тұрағым!
Сүйінерім, сүйенерім, Тұмарым!





Пікір жазу