09.08.2022
  120


Автор: Бесінбай Бегеніш

Ұстамай мылтық ойнаңдар!

Жарақат қатпар жаралар,
Жазылмай қышып қасынған.
Тітіркенген саналар
Көрінсе мылтық асынған.
Адамға қарай кезеніп,
Маңайға оны қоймаңдар.
Өмірді онсыз сезініп
Ұстамай мылтық ойнаңдар!
Ескеріп «соғыс» сөзі өлсе,
Құлақтан өшер кешегі үн.
Ойыншық мылтық кезенсе
Селк ете әлі түсемін?!
Немерем күліп ал оған
Ойыншық деп жатады.
Жетіп жатыр ал маған
«Мылтық» деген атағы!





Пікір жазу