09.08.2022
  109


Автор: Бесінбай Бегеніш

Дала желі

Даланың таныспысың желіменен,
Түрткілеп ойнағандай сеніменен.
Бірде қазып шұқырды. Толтырады.
Басқа жердің әкеліп бөлігінен.
Тауларды айғыздайды өрнектейді,
Сипайды әдемілеп ернектейді.
Әженің қуанышты шашуындай
Тастарды жібереді сермеп кейде.
Шөптерді жұлып жатыр түбіменен,
Тау-тасын жалағандай тіліменен,
Жер түгел аспандағы бұлт жыртылып
Бейне бір жөнді жіппен тігілмеген.
Қамырдай топырағын илеп жатыр,
Айнадай жалтырайды айдын тақыр.
Дөңдегі той – думанның қызған кезі
Қаңбағы, ебелегі билеп жатыр.
Тентегі тесік іздеп сүмеңдеген,
Желпінді маңай түгел елеңдеумен.
Мен тұрмын жел өтінде әуреленіп
Өрнектеп беремін деп өлеңменен.





Пікір жазу