09.08.2022
224
Әкемнің әкесінің зиратында
Сағынар құстар көрмесе көптен ұясын,
Сағынар қыран шарықтап ұшар қиясын,
Шаттығымның шырағын жаққан ұяға
Сағынышты қалай тиясың?..
Бауырыңа қысып кетітін ұзақ қиялың,
Искедің әркез тигізіп мұрттың қияғын.
Күңіреніп айтатын сөзің сондағы
«... Ат ізін басар тұғым...»
Солдат келсе жетектеп алып тартасың,
Ауылдың жайын соларға сыр ғып айтасың.
Ести алмай өз балаң жайлы хабарды
Күңіреніп үйге қайтасың...
Ұйықтамай кейде көңілдің сазын қозғадың,
Зар боп шықты жұбатып ән деп созғаның,
Түсіндім енді. Жоқтауың екен сондағы,
Келмеген соң боздағың...