09.08.2022
  118


Автор: Бесінбай Бегеніш

Құрғап жатқан арналар.

Кеуіп жатқан терең сайлар тегін бе?
Кемер асып су толған ғой көбінде.
Сол арнамен сусындатып маңайды
Жетемін деп еңістікке еміне.
Арна толса толып жатқан сел деймін
Маңай қанып шөлдемейтін ел деймін.
Құрғап қалған арналарды көргенде
Бостан – босқа қарап тұрып шөлдеймін?
Отыратын от бастарын қарық қып,
Ақылдарға сусап келіп сан ұқтық.
Әлгі аңғарды әжелерге ұқсатам
Аузын ашып аққияды – ау жарықтық





Пікір жазу