09.08.2022
99
Көкесем – Зәмзәм суы.
Қапталымда күліп қалған ыржық сай,
Жеткізіп тұр шөлдегенін бұлжытпай.
Менде келем туған жерге шөліркеп
Шөл қанарма Көкесемнен бір жұтпай!?
Сағымдарың мың иіліп бұралған,
Сол сағымнан айдын көлдер құралған?
Қолын бұлғап шақырады Көкесем
Суы артық сарыағаш пен сыраңнан.
Арман болған кеткендерге Көкесем,
Сағынады. Талай ойды бөге сен!?
Қанып ішкем мынау аптап ыстықта
Шабытымды – Зәмзәм суы деме сен!