09.08.2022
  110


Автор: Бесінбай Бегеніш

Құлқыны болма зұлымның.

Қызықтау болып бұл қылық,
Темекі саған ұсындым.
Түтінге сонда булығып
Шашалғанда қысылдым.
Асырдың менен тартуды
Үйреніпсің құлыным.
Өнер емес жартулы
Құлқыны болма зұлымның!?
Тарқанымды жасырман
Алданып жастық сағымға,
Мененде өтіп асырған
Құнығып қатты қағынба!?
Тасташы жаман әдетті,
Қажет емес осындай.
Жан сүйер жақсы әдепті
Жүрсің ғой менен асырмай!?





Пікір жазу