09.08.2022
  92


Автор: Бесінбай Бегеніш

Анасы жақсы сөздің болса құлақ...

Анасы жақсы сөздің болса құлақ,
Ләззат алсын дейсің жатса ұнап,
«жақсы сөз жарым ырыс» дегенменде
Құлақтар болғандай ма құлдыр шұнақ?
Майда би атасы едің ардақтаған,
Түгел сөздің қадірін сан баптаған,
Жетім сөз қалмасын деп өгейсіреп
Кейде мен қиялымды жалғап қалам!
Кездессе жетім сөздер жолда маған,
Қапталаған, кейбіреуі дорба салған.
Жеріне жетпей қалған қайран сөзден,
Мазасыз әсер еткен ол да маған!





Пікір жазу