09.08.2022
  91


Автор: Бесінбай Бегеніш

Жетім сөздер

Төгіл сөз дария бұлағынан,
Тып-тыныш маңай бәрі тына қалған,
Әріде қабаттасып естілгендей
Тек қана су ағызған жыра қылжаң...
Сақалды саусағымен сипап қойды,
Төгілтті сөз құдіретін жалған ойды,
Сөз төккен сол бір қартты іздеп келем
Кездесіп қалар-ау деп ас пен тойды!
Көсілтсе басқа пенде үндемеген,
Қақпайлап керауыздар күндемеген,
Отырып ши жүгіртпей жан – жағынан
Тыңдаған құлақ қойып тілдемеген!





Пікір жазу