Қасқалдақ
Жатқанмен бірі жоқтап, бірі мақтап,
Бақ құсы ұшқан өзі баспалдақтап,
Сан тұяқ лақтырған дуын шаңмен
Маң дала толқып кетті «Қасқалдақтан!»
Қанындай қасқалдақтың сақталғанда,
Ұқсады күтіліп те қақталғанға...
Абайдың ат талабы түгел келген
Көз тігіп сайрап кетті тоқталғанға...
Тек өзі аман жүргей тосын жайдан,
Шіркінді сақтасыншы қосынды ойдан.
Бақталас, бақастықтың палуаны
Құлагерді қан қылған ғой осындайдан.
Көрермен қол соғады асқан баққа,
Бабына келіп жүрген «Қасқалдаққа»,
Арындап айғайлаған жанкүйерден
Тілегін есіп киген басқа ноқта!
Дөңдегі таңдандырған тобыр көпті,
Өңгеріп «Қасқалдақ» деп хабар кетті.
Намысын қорғап жүрген түбегімнің
Бабадан қалған мұра атым текті!
Мұратқа жеткіздің – ау қасқалдағым,
Қазақтың қол тумасы жасқанбадың!
Елің мен жердің атын аспандатқан
Абырой құтты болғай асқан бағың!
Ер кетпесін мойынға...
Тәуір атқа бас иіп бұрылып келіп өткенді,
Жақсы ат көрсе Абай да нөсер жырын төккенді,
Атты айтса ас қойып бусанып шерткен қазақпыз
Ұнатпадың о баста тер шықпай құрғап кеткенді.
Ат баптаумен азамат мұратына жеткенді,
Ат жанымен сырласқан желдей есер көктемгі.
Ат жалын тартқан Азамат жылқы кірсін түсіңе
Кездестірме бауырым мойынға ері кеткенді