Анам жырмен, далам жырмен тербеген.
Бесігін анам өлеңмен айтып тербеген,
Жырлауық далам жырымен маза бермеген,
О баста мен жыр отауды туып есейсем
Қалайша тыныш жатамын енді көлденең.
Есейтіп ерте жырлатты бізге өмірде,
Жоқтау боп жаспен жазылған алғаш өңірге,
Күмбірлеп кеуде сарғайған сазды әуендер
Сарсаң кесектей жатырған содан көңілде?
Ақын деп мені күпітіп кеттің апыр – ау?
Саз таппай аузым күмбірлеп кеудем жатыр - ау!
Еркіндік жоқ. Шектеулі шеңбер ішінде
Ақындықты қаламаған мақұл – ау?!
Жыр отауда тыныштық тілеп қарадым,
Атойлап шауып іргемнен өтті пырағың
Қосылдым солай аламан топқа тайсалмай
Тіретпей табан толқынмен сүйреп жыр ағын!
Жыр-дария жолыңа қолым ілінсе деп келемін
Жұлқый тартып жоқ десең егер керегің?!
Жыр парағы мақайлатсаң маңыма –
Өлеңмен өріп бұғылың салып беремін!
Жыр жауын көргенмен де ықпадым,
Өйткені мен жасымнан сазын ұққанмын
Далам жырмен, анам жырмен тербеген
Сол бесіктен қанат қағып шыққанмын.