09.08.2022
  117


Автор: Бесінбай Бегеніш

Еңбеккер. Дәуіт Пайғамбар

Еңбекті Алла қолдаған,
Қажетін тауып жолдаған,
Үмбетке үлгі болсын деп,
Пайғамбар Дәуіт сомдаған.
Тас етіп тізе төсегін
Қолында отқа көсеген,
Еңбекпен қайнап қатайған
Сияқты екен тас емен.
Жұдырық балға түйілген,
Сабы боп шынтақ иілген.
Қажетін соғып пенденің
Риза елі сүйінген.
Көңілі толып Алласы:-
Деген ғой әрі жалғашы!
Төс балғасын жіберсе,
Адамның барма нанбасы?
Қандай керек құралдар,
Дәуіттен соны сұраңдар!
Жаратқан ием жар салып
- Деген екен жарандар!
Еңбекпен терін төккендер,
Ойнатты қолда кетпендер,
Көк желекке бөленген
Құлазып, құрғап кепкен жер.
Темірден түйін түйілген,
Ұстаса ағаш иілген,
Кәсіпкер ісін көргенде
Шайтан да іштей күйінген.
Көрікті басқа жастанған,
Байланыс үзбей аспаннан.
Ұсталық істің ұстазы
Дәуіттен солай басталған.





Пікір жазу