Қарақия - Құрық , ассалам!
Ассалам саған! Тұрғындары Құрықтың,
Жақсы істерді көріп көңілімді жылыттым,
Еркіндік туын қайтадан асқақ көтерген
Өзіңнен бүгін мейрімділік сыр ұқтым.
Шет жақта екен өткеннен қалған шалаштар,
Ризамын, үй салуға да талас бар,
Сыртында мына ұзыннан сылап жатырған
Аталған «ақ жал» жалас бар.
Көрінеді, әне , Захардан жеткен батаға,
Бата оқи кетің қайрымды Кузмич атаға,
Қайығын берген, саламын десе ауында
Болғаны рас туысқандай жат аға !
Жыланды тауы жылжымай қалғып қалған ба?
Өзіңнен артық қас батыр жоқ тай жалғанда,
Бағдар шамы сияқты еді-ау теңіздің –
Қайықшы қайтса, дорбаға балық толған да!
Қарақия - кең байтақ аймақ керілген,
Құжатпен саған ұланғайыр жер берген,
Жер Ананың - мейрімі көп пейілді –
Гүлдендіруден тіпті ерінбең!
Қарақия – нағыз, тереңдік деп білемін,
Қимылдап кеткен түрініп алып білегін
Жастарына тереңдік санан ой бер деп
Мүнәжат етіп құдайдан бүгін тіледім!