09.08.2022
107
Құт мекені – Қызыл – сай!
Қызыл – сайға келгенмін сонау жылы көктемде,
Аңғар жатыр тобыртобарсып суы кеуіп кеткенде,
Сол су барын мұнайға айналарын білмеппіз
Байқадық-ау біз кейін терең қазып жеткенде.
Маңайының барлығы сай-салалы мекен ғой,
Тайған суды тездетіп жұтып қойған екен ғой,
Салып қайнатып мұнай етіп шығарған
Қара жер ғажап көкең ғой?!
Қызыл – сайлық жылғада тұрғандай-ақ сыр тұнып,
Қарт бурадай тіс қайрап качалка тұр шырпынып,
Жеті қат жердің түбінде астан – кестен сарқырап
Мұнай жатыр бұлқынып...
Жер түбіне жеткізіп бірін-бірі сапырған,
Сияқтанып кетеді мұнай жасап жатырған,
Қызыл-сайдың алабы алау жағып аспанға
Құт мекені екенсің өзіңе көпті шақырған!