Шипалы су, пейіш мекен – туған жер.
Тау мен құмның арасында жайлы мекен ауыл бар,
Жанымызда, құм астында, ұйықтап жатқан қауымдар,
Бұлқып шыққан балдай сусын өзімізге бұйртса –
Үзіп жейсің – жүзім,ерік, қауындар...
Білем десең жақында,құм мінезін түсініп,
Ашуланса алады құмына, былғап қуырып
Алай-түлей боратып қойнына сені қысқанмен
Тарағанда ашуы шығарар өзі суырып...
Алдында Тайғыр дөңі бар,Сұлу төрткүл,Қорғандай...
Тұра тарта ауылға жүріп , келсең жол қандай,
Шыңға жетте тұра қал! Көлігшіңді таста да!
Төбесінен үйлердің салбырап түссең болғандай?!
Табиғаттың тылсым күшін ал өзің ше түсініп,
Қойғандай-ақ барлығы да керегінше пішіліп,
Құм мен таудың төбелерін жаба қойса бөтен бе
Барлығын да жанұядай берік ұстау кісілік!!!
Тұрғындардың татулығын нақ осыған саяды,
Ұстайтыны барлығының бір кетпенің таяғы,
«Ауыл болсаң – қауым бол!» деп айтатыны шалдардың
Бұзалмастан сақталған заң баяғы,..
«Көзді ойыққа» шыға келде жан-жағына
Қарашы?! Думан болып жатқандай ма құм мен таудың арасы
Ақпа – төкпе Нұрым ақын, суырып салма Қашаған
Бір кездегі сол ауылдың баласы...
Құмына аунап алған екен талай жүйрік атағын,
Есентемір соғып берген тастан қиыл Отауын,
Жан-жағында қашық емес,Әулиелер қолдаған
Ал осында жетіледі баталым!...
Құр бекерге қадамаған Ерсарыда қайрағын,
Егіс табар сол бір жерден өргізіп мал жайғанын,
Шалабайдың шаңдағына аунап жатқан түйенің
Нардай етіп жетілдірген тайлағын,..
Шипалы су, жайлы мекен аталады «Сен, Ек!» деп
Әр үйдеде жасыл талдар көлеңкелі желек көп,
Ұлы жолдың бойындағы пейіш мекен аталған
Есік ашық! Келсең болды елеп тек!